Жаңалықтар

12 қыркүйек 2012
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің мерейтойлық сессиясы аясында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу өткізді

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей тарабына АӨСШК мерейтойлық іс-шараларына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей тарабына АӨСШК мерейтойлық іс-шараларына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Екі ел арасындағы серіктестік пен достықты нығайтуда алдағы уақытта өтетін Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы форумының маңызы зор екені атап өтілді.

Кездесуде түрлі салалардағы экономикалық ынтымақтастық мәселесі қаралды. Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздер үдерісінде Ресейдің қолдау көрсетуі және екі ел арасында тату көршілестікті нығайту жөнінде бірқатар екіжақты құжаттарды қабылдаудың келешегі талқыланды.

Қазақстан Президенті кездесудің қорытындысы бойынша бейбітшілік пен келісімді нығайтуға сіңірген еңбегі үшін РФ Сыртқы істер министрі С.Лавровқа I дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.           


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу