Жаңалықтар

17 қыркүйек 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Т. Уәлиев атындағы спорт мектебіне барды
Ақмола облысы, Жақсы ауылы

Мемлекет басшысы Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары аясында Жақсы ауылындағы жекеменшік спорт мектебін аралап көрді.

Қазақстан Президентіне күрес, бокс және футбол спортына арналған залдар көрсетілді. Қазіргі уақытта Жақсы ауданының 170 оқушысы бокс, грек-рим күресі және футбол секцияларында спортпен шұғылданады.

Бұл спорт мектебі өз тарихында 4800 спортшыны, соның ішінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін дайындап шығарды.

Мемлекет басшысы грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченкомен және спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен әңгімелесу барысында ауылдағы бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары