Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 қыркүйек 2006
Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі болып өтті.

Саммитке қатысу үшін Қазақстан елордасына Қырғызстан Президенті Құрманбек Бакиев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонов, Өзбекстан Президенті Ислам Каримов келді.

 
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі кезінде көпжақты ынтымақтастықты дамыту және өңірдегі ахуал мәселелері талқыланды.

 
- Мен біздің баршамыздың атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа бізге көрсеткен ыстық ықыласы үшін шын жүрегімнен ризашылығымды білдіргім келеді. Біз мұны әрдайым біздің мүдделеріміздің бірлігі ретінде қабылдаймыз, - деп атап өтті Өзбекстан Президенті Ислам Каримов.

 
Қазақстан басшысы Өзбекстан мен Қырғызстан Президенттерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады және бауырлас халықтарға тыныштық, игілік пен өркендеулер тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар