Жаңалықтар

1 қараша 2007
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада жұмыс бабындағы бірқатар кездесулер өткізді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады.


- Кездесуде 179 академик – Қазақстанның жетекші ғалымдары жұмыс істейтін Ұлттық ғылым академиясын одан әрі дамыту жолдары әңгіме болды. Олар ғылымның дұрыс басымдықтарын таңдауға тартылуы тиіс, сондықтан да Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясын дамытудың бірнеше нұсқалары талқыланды. Президент ол нұсқаларды мақұлдады, - деді М.Жұрынов журналистерге арналған брифингте.


Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев Президентке ағымдағы жылдың 9 айындағы Агенттіктің қызметі туралы, сондай-ақ телекоммуникация және ақпараттандыру салаларын дамытудың келешегі жөнінде есеп берді.


Агенттік «Электрондық үкімет» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында оның инфрақұрылымдық құрамдас бөліктерін құруға кірісті. Осы жылдың жазында Астанада мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерге қосылуын қамтамасыз ететін бірыңғай көліктік-коммуникациялық орта пайдалануға берілді. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы іске қосылып, барлық мемлекеттік органдарда бірыңғай электрондық құжат айналымы енгізілді.


- Мемлекет басшысы жуық арада Интернет желісін, телефон байланысын және ұялы байланыс операторларын пайдаланушылардың санын көбейту үшін жағдай жасау міндетін жүктеді. Сондай-ақ «Электрондық үкіметті» дамытудың екінші кезеңі аясында мемлекеттік органдар қызмет көрсетудің электрондық форматына көшуі үшін электрондық қызмет көрсетуді дамыту жөнінде нұсқаулар берілді, - деді Қ.Есекеев.


Сол күні Мемлекет басшысы «Қазатомпром» ұлттық компаниясының басшысы Мұхтар Жәкішевті қабылдады. Аталған компания басшысы атқарылған жұмыстар және компанияны одан әрі дамытудың келешегі жөнінде есеп берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар