Жаңалықтар

19 қыркүйек 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Францияға жұмыс сапары аясында «Aльстом» компаниясының президенті Патрик Кронмен кездесті.
02

Кездесу кезінде ынтымақтастықтың перспективалары және Қазақстан мен «Альстом» компаниясы арасындағы жаңа жобалар талқыланды. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ мен «Альстом» компаниясы арасында жол бұрушы электр жетегі өндірісі бойынша зауыт ашу туралы келісімге қол қойылды.

Мемлекет басшысына Астана қаласында локомотив жинау жөніндегі құрылыс жобасы мен жаңа көлік жүйесін құру жөніндегі жобаны алға жылжыту туралы баяндалды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар