Жаңалықтар

17 мамыр 2020
Мемлекет басшысының туған күніне орай келіп түскен құттықтаулар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай шетел мемлекеттер басшыларынан, үкімет және парламент төрағаларынан, шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық мекемелердің жетекшілерінен, дін, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен құттықтаулар келіп түсті.   

Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков және Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен телефон арқылы құттықтады.

Сонымен қатар Қазақстан Президентінің атына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин, Сербия Президенті Александр Вучич, Украина Президенті Владимир Зеленский, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Армения Президенті Армен Саркисян, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Молдова Президенті Игорь Додон, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, бұдан бөлек Ресейдің Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко,  ТМД атқарушы хатшысы – атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев, ТүркПА бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кирилл және басқалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтаған жеделхаттар толассыз келіп жатыр.

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар