Жаңалықтар

9 қазан 2012
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен бірге Қазақстан мен Ресей арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарттың 20 жылдығына арналған концертті тамашалады

 

Үлкен театрдың жаңа сахнасында Ресей мен Қазақстанның атақты және белгілі ұжымдары мен артистері өнер көрсетті. Ресейдің ұлттық оркестрі, К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрының балет труппасы, Пятницкий атындағы мемлекеттік орыс халық хоры, «Серпер» домбырашылар ансамблі және Мәскеу мемлекеттік камералық хоры көрермендерге белгілі орыс және қазақ өнер шеберлерінің біртума шығармаларын ұсынды. Сонымен қатар, салтанатты концертте Қазақстан мен Ресейдің танымал артистері өнерлерін паш етті.     


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар