Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

11 маусым 2019
Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мун құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтаулар келіп түсуде.

БҰҰ 8-ші Бас хатшысы, Ёнсэ университетінің жанындағы Жаһандық іс-қимылдар институтының құрметті төрағасы Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевты жауапты мемлекеттік лауазымға сайлануымен шын жүректен құттықтады. Жеделхатта Мемлекет басшысының БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры қызметін атқарған кездегі жұмыс тәжірибесі, әртүрлі мүдделі тараптарды келісімге келтіру қабілеті Қазақстанды өркендетуге септігін тигізетініне сенім білдірген.

«Қазақстан қазіргі уақытта орнықты дамуы мен инклюзивті өсімін айқын көрсетіп келе жатқан бірегей мемлекет. Сіздің дипломатияны терең түсінетініңіз еліңіздегі мемлекеттік құрылыс пен әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал етеді деп ойлаймын. Алдағы уақытта әлемнің болашағын жарқын қылу мақсатында күш-жігер біріктіріп, ынтымақтастығымызды жалғастыра бергіміз келеді», – делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар