Жаңалықтар

21 қыркүйек 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» корпорациясының басқарма төрағасы – Бас атқарушы директоры Дэвид О’Райлли бастап келген осы компанияның өкілдерін қабылдады.

- «Шевронның» Қазақстандағы жұмыс жасаған жылдарын тұтастай алғанда, біздің ынтымақтастығымыз ойдағыдай қалыптасты. Ол шетелдік инвесторлардың біздің еліміздің үкіметімен арадағы ынтымақтастыққа үлгі болып қала бермек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Кездесу барысында Дэвид О’Райлли Мемлекет басшысын «Шеврон» корпорациясы Директорлар кеңесінің Қазақстанға келу жоспарлары жөнінде хабардар етті. Компания басшылығы толық құрамда алдағы аптада Атырауға келіп, Теңіз кен орнымен және өндірістік қуаттылықты кеңейту барысымен танысады.


- Алдағы бірер ай аралығында Теңіз кен орнындағы өндірістік қуаттарды кеңейтудің алғашқы кезеңі аяқталады. 2008 жылы Теңіздегі кеңейту жобалары толық аяқталмақ, - деді Дэвид О’Райлли журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар