Жаңалықтар

1 сәуір 2009
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады.

Қ.Қожамжаров Мемлекет басшысын Агенттіктің осы жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс нәтижелері туралы хабардар етті.


Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен және экономикалық қылмыспен күрес – қаржы полициясының негізгі міндеті екендігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлықпен күресте алғашқы нәтижелер бар, бірақ та лауазымына және байланыстарына қарамастан бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет.


Мемлекет басшысы сондай-ақ Агенттік төрағасына шет елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалары тәжірибесімен танысуды, қажет болған жағдайда Қазақстанның заңнамалық актілеріне тиісті ұсыныстар енгізуді ұсынды.


Президент Агенттікке Үкіметтің 2009-2011 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылуына бақылауды күшейтуді тапсырды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар