Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы

1967 жылы 23 мамырда дүниеге келген.  

1994 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (инженер-механик), 1998 жылы ҚР ҰҚК (ІІМ) Қарағанды жоғары мектебін (заңгер-құқықтанушы), 2015 жылы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын (мемлекеттік басқару магистрі) үздік бітірген.

Еңбек жолы:

1994-2009 жылдары – ішкі істер органдарының кіші, орта және аға басшылығы құрамдарында қызмет еткен, оның ішінде: ІІМ Штаб-Департаменті бастығының орынбасары, Ішкі істер министрінің кеңесшісі, ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы лауазымдарын атқарған.

2009 жылы – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі (Бас прокуратура Департаментінің бастығы есебінде).

2009-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі меңгерушісінің  орынбасары.

2013-2019 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісі.

2019 жылғы 10 сәуірде Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Арнаулы атақтары: полиция полковнигі, аға әділет кеңесшісі.


 
 Басшылық